(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «САҚТАНДЫРУ (ҚАЙТА САҚТАНДЫРУ) ҰЙЫМЫ МЕН САҚТАНДЫРУ ...
Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 Қаулысы
(2018.01.10. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 30 шілдеде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды (2018 ж. 8 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесі;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес ақшаның және орналастырылған салымдардың қалдықтары туралы есептің нысаны;
3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес ақшаның және исламдық сақтандыру қорының активтері есебінен орналастырылған салымдардың қалдықтары туралы есептің нысаны;
4) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.30.07. № 160 Қаулысымен 4-1) тармақшалармен толықтырылды (2018 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4-1) осы қаулыға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттарының шеңберінде сақтанушылар активтерінің есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2018.30.07. № 160 Қаулысымен 4-2) тармақшалармен толықтырылды (2018 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді)
4-2) осы қаулыға 4-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттары туралы есептің нысаны;
Редакция документа
Демо – версия документа