«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 160 Қаулысы (күші жойылды)
«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 30 шілдедегі № 160 Қаулысы
ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 275 Қаулысымен 2020 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес және сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнаманы жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы мен сақтандыру брокері есептілігінің тізбесін, нысандарын, табыс ету мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2017 жылғы 22 желтоқсандағы № 245 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16256 болып тіркелген, 2018 жылғы 30 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1-тармақтың екінші, үшінші, төртінші абзацтары 2018 ж. 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізілді
1-тармақ мынадай редакциядағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«4-1) осы қаулыға 4-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтанушының инвестицияларға қатысу талабын көздейтін сақтандыру шарттарының шеңберінде сақтанушылар активтерінің есебінен сатып алынған бағалы қағаздар туралы есептің нысаны;
Документ утратил силу
Демо – версия документа