(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАБАРЛАМАЛАР НЫСАНДАРЫН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ...
Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы
(2022.02.03. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2022 жылғы 10 тамызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2021.30.07. № 75 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.01.06. № 232 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2017.29.05. № 218 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2018.27.02. № 83 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.30.07. № 75 бұйрығымен (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің 2022.02.03. № 19 бұйрығымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ жаңа редакцияда
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуді бастау туралы хабарламаның нысаны;
4) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйым қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
5) осы бұйрыққа 3-2-қосымшаға сәйкес жойылып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның I және II қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
6) осы бұйрыққа 3-3-қосымшаға сәйкес энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
Редакция документа
Демо – версия документа