(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ХАБАРЛАМАЛАР НЫСАНДАРЫН ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫ...
Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығы
(2016.01.06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2017 жылғы 29 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.01.06. № 232 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізе бастағаны туралы хабарламаның нысаны;
3-1) осы бұйрыққа 3-1-қосымшаға сәйкес өзін-өзі реттейтін ұйымдардың қызметті бастағаны немесе тоқтатқаны туралы хабарламаның нысаны;
3-2) осы бұйрыққа 3-2-қосымшаға сәйкес Құрып кету қаупі төнген жабайы фауна мен флора түрлерімен халықаралық сауда туралы конвенцияның І және ІІ қосымшаларына түрлері енгізілген жануарларды қолдан өсіру жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
3-3) осы бұйрыққа 3-3-қосымшаға сәйкес энергетикалық сараптама жөніндегі қызметтің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаның нысаны;
3-4) осы бұйрыққа 3-4-қосымшаға сәйкес микроқаржы ұйымының микрокредиттер беруі жөніндегі көрсетілетін қызметтердің бекітілгені туралы хабарламаның нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың тізбесі бекітілсін.
Редакция документа
Демо – версия документа