«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шілдедегі № 783 бұйрығы
«Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 21 шілдедегі № 783 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларациясы (913.00-нысан)» деген Салық есептілігін жасау қағидаларында:
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
«1-1. Аталған нысан 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсан арасында туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.»;
мынадай мазмұндағы 135) және 136)-тармақтармен толықтырылсын:
«135) осы бұйрыққа 135-қосымшаға сәйкес бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларацияның нысаны (913.00-нысан);
136) осы бұйрыққа 136-қосымшаға сәйкес «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (913.00-нысан)» деген Салық есептілігін жасау қағидалары бекітілсін.»;
осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес 135 және 136-қосымшалармен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамаcында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
Демо – версия документа