«Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация» (913.00-нысан) салық есептілігін жасау қағидалары» (Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығына 99-100-қосымшалары) (2023.06.08. берілген өзгерістермен)
ҚР Қаржы министрінің 2021.30.03. № 268 бұйрығымен 99 және 100 - қосымшаларымен толықтырылды
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
99-қосымша
нысан
Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:
БСН / ЖСН - бизнес сәйкестендіру нөмірі / жеке сәйкестендіру нөмірі;
КТС/ЖТС - корпоративтік табыс салығы / жеке табыс салығы.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 20 қаңтардағы
№ 39 бұйрығына
100-қосымша
«Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация» (913.00-нысан) салық есептілігін жасау
қағидалары
(2023.06.08. берілген өзгерістермен)
1-тарау. Жалпы ережелер
ҚР Қаржы министрінің 2022.18.01. № 49 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Осы «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация (913.00 – нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) сәйкес әзірленді және «Бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілерге арналған декларация» салық есептілігі нысанын (бұдан әрі – декларация) жасау тәртібін айқындайды. Декларацияны бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын шағын және орта бизнес субъектілері жасайды.
ҚР Қаржы министрінің м.а. 2023.21.07. № 783 бұйрығымен 1-1-тармақпен толықтырылды (2023 ж. 6 тамыздан бастап қолданысқа енгізілді)
1-1. Аталған нысан 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсан арасында туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.
2. Декларацияны толтыру кезінде түзетулерге, тазартуларға және өшіруге жол берілмейді.
3. Осы Қағидаларда мынадай арифметикалық белгілер қолданылады: «+» - қосу, « - » - алу, «х» - көбейту, « / » - бөлу, « = » - тең.
Демо – версия документа