«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 268 бұйрығы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 30 наурыздағы № 268 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Салықтық және кедендік әкімшілендірудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 146 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16450 болып тіркелген, 2018 жылғы 13 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген қолданылатын салық салу режимі туралы хабарламаның нысаны осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) «Салық есептілігі нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2020 жылғы 20 қаңтардағы № 39 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19897 болып тіркелген, 2020 жылғы 13 ақпанда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған):
1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес корпоративтік табыс салығы бойынша декларацияның нысаны (100.00-нысан);
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Корпоративтік табыс салығы бойынша декларация (100.00-нысан)» салық есептілігін жасау қағидалары;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғанға дейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.01-нысан);
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес декларация тапсырылғаннан кейінгі кезең үшін төленуі тиіс корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есебінің нысаны (101.02-нысан);
Демо – версия документа