Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Суды бастапқы есепке алу қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 109-НҚ бұйрығы

Суды бастапқы есепке алу қағидаларын бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің 2025 жылғы 4 маусымдағы № 109-НҚ бұйрығы

 

Қазақстан Республикасы Су кодексінің 67-бабының 1-тармағына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Суды бастапқы есепке алу қағидалары бекітілсін.

2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық 2025 жылғы 10 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және ирригация министрі

 

Н. Нуржигитов

 

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи ресурстар

министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика

министрлігі

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Стратегиялық жоспарлау

және реформалар агенттігінің

Ұлттық статистика бюросы

 

Қазақстан Республикасы

Су ресурстары және

ирригация министрі

2025 жылғы 4 маусымдағы

№ 109-НҚ бұйрыққа 1-қосымша

 

 

Суды бастапқы есепке алу

 қағидалары

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Суды бастапқы есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының Су кодексінің 67-бабы 1- тармағына сәйкес әзірленді және судың бастапқы есебінің тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку