«Қазақстан Республикасының Су кодексі» Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 178-VIII Кодексі (қолданысқа енген жоқ)
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ КОДЕКСІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СУ КОДЕКСІ
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасы
3-бап. Қазақстан Республикасы су заңнамасының негізгі мақсаттары мен міндеттері
4-бап. Қазақстан Республикасы су заңнамасының негізгі қағидаттары
5-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы қоғамдық қатынастар
6-бап. Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігі
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ СУ СЕКТОРЫН КЛИМАТТЫҢ ӨЗГЕРУІНЕ БЕЙІМДЕУ
8-бап. Судың зиянды әсерінің алдын алу және оны жою
2-БӨЛІМ. СУ ҚАТЫНАСТАРЫ ОБЪЕКТІЛЕРІНЕ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАР
3-тарау. СУ ҚАТЫНАСТАРЫ ОБЪЕКТІЛЕРІ
11-бап. Су қатынастары объектілері мен субъектілері
12-бап. Су қорына және су қорының жерлеріне меншік құқығы
13-бап. Су шаруашылығы құрылысжайларына меншік құқығы
14-бап. Стратегиялық су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларға меншік құқығы
16-бап. Су объектілерінің түрлері және оларды пайдалану құқығы
17-бап. Су пайдалану құқығы және оның түрлері, су тұтыну құқығы
18-бап. Су пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
3-БӨЛІМ. СУ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
5-ТАРАУ. СУ ҚОРЫН МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
20-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқару
21-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
22-бап. Қазақстан Республикасының Су кеңесі
23-бап. Уәкілетті органның құзыреті
25-бап. Өзге де уәкілетті органдардың құзыреті
29-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы ғылыми қызмет пен ақпараттық-талдау қызметі
1-параграф. Мемлекеттік жоспарлау
30-бап. Су ресурстарын интеграцияланган басқарудың бас жоспары
31-бап. Су ресурстарын қорғау мен пайдаланудың бассейндік жоспары
32-бап. Су шаруашылығы баланстары
33-бап. Су ресурстарын пайдалану туралы ұлттық ақпараттық есеп
34-бап. Су ресурстарының ұлттық ақпараттық жүйесі
2-параграф. Су қорын мемлекеттік есепке алу
35-бап. Су қорын мемлекеттік есепке алу
36-бап. Су объектілері мен су ресурстарының мемлекеттік мониторингі
37-бап. Мемлекеттік су кадастры
3-параграф. Су қорын қорғау және пайдалану саласында нормалау және сараптама жүргізу
38-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы нормалау
40-бап. Су пайдалану лимиттері
42-бап. Су тұтыну мен су бұрудың ірілендірілген және үлестік нормалары
43-бап. Су шаруашылығы ұйымдарының нормалары мен нормативтері
44-бап. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы сараптама
4-параграф. Рұқсаттар мен келісулер
45-бап. Арнаулы су пайдалану туралы жалпы ережелер
47-бап. Рұқсаттың қолданылу мерзімін ұзарту және оны қайта ресімдеу
48-бап. Арнаулы су пайдалану құқығын шектеу
49-бап. Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру, тоқтату және одан айыру
5-параграф. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау
55-бап. Жедел ден қою шаралары жəне оларды қолдану тəртібі
7-тарау. СУ ҚОРЫН ҚОРҒАУ ЖƏНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ СҰРАНЫСТЫ БАСҚАРУ
57-бап. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы сұранысты басқару жөніндегі жалпы ережелер
58-бап. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы экономикалық реттеу нысандары
59-бап. Су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы жəне салық
60-бап. Реттеліп көрсетілетін қызметтердің өтемділігі
62-бап. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы қолда бар ең үздік технологиялар
63-бап. Су шаруашылығы ұйымдары
64-бап. Су қорын қорғау жəне пайдалану саласындағы қоғамдық бақылау
66-бап. Су объектілерін қалпына келтіру жəне қорғау туралы бассейндік келісімдер
67-бап. Су ресурстарының пайдаланылуын өндірістік бақылау
9-тарау. СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЖАЙЛАРЫ МЕН ГИДРОТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЖАЙЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
69-бап. Құрылысжайлардың тізілімі
2-параграф. Қауіптілігі ықтимал құрылысжайларды пайдалану ерекшеліктері
70-бап. Қауіптілігі ықтимал құрылысжайлар туралы жалпы ережелер
71-бап. Гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану
72-бап. Гидротехникалық құрылысжайларды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету
73-бап. Тірек гидротехникалық құрылысжайларды пайдаланудың ерекше режимі
74-бап. Гидротехникалық құрылысжайлардың меншік иелерінің (иеленушілерінің) жауапкершілігі
5-БӨЛІМ. СУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚОРҒАУ
75-бап. Су объектілерін қорғау
76-бап. Жерүсті су объектілерін ластанудан қорғау
77-бап. Жерүсті су объектілерін қоқыстанудан қорғау
78-бап. Су объектілерін сарқылудан қорғау
79-бап. Шағын су объектілерін қорғау ерекшеліктері
80-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектілерін қорғау ерекшеліктері
81-бап. Мемлекеттік орман қорының су объектілерін қорғау ерекшеліктері
82-бап. Ерекше мемлекеттік маңызы бар су объектілерін қорғау ерекшеліктері
83-бап. Сулы-батпақты алқаптарды қорғау ерекшеліктері
84-бап. Мұздықтар мен көпжылдық қарды қорғау ерекшеліктері
85-бап. Жерүсті су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулері
88-бап. Санитариялық қорғау аймақтары жəне санитариялық қорғаныш белдеулері
89-бап. Жерүсті су объектілеріндегі төтенше экологиялық жағдай немесе экологиялық зілзала аймақтары
90-бап. Су қорғау аймақтары мен белдеулеріндегі жер учаскелерін уақытша пайдалануға беру
91-бап. Су объектілерінің жай-күйіне теріс əсер ететін объектілерді пайдалануға беруге тыйым салу
92-бап. Жерасты су объектілерін қорғау ерекшеліктері
6-БӨЛІМ. СУ РЕСУРСТАРЫ МЕН СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЖАЙЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ
11-тарау. ЕЛДІ-МЕКЕНДЕРДЕ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖƏНЕ СУ БҰРУ
1-параграф. Елді мекендердің сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелері
93-бап. Су объектілерін ауызсумен жабдықтау үшін пайдалану
94-бап. Елді мекендердің ауызсумен жабдықтау жүйесі
95-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау жəне су бұру жүйесі
96-бап. Елді мекендердің техникалық сумен жабдықтау жүйесі
97-бап. Кондоминиумдар объектісінің құрамына кіретін сумен жабдықтау жəне су бұру жүйесі
98-бап. Елді мекендердің су бұру жүйесі
99-бап. Елді мекендердің нөсерлік (дренаждық) кəріз жүйесі
100-бап. Су тұтынушының меншігіндегі сумен жабдықтау жəне су бұру жүйесі
103-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерін дамыту жоспары
2-параграф. Елді мекендерде сумен жабдықтау жəне су бұру саласындағы қатынастарды реттеу
105-бап. Елді мекендерде сумен жабдықтау жəне (немесе) су бұру саласындағы шарттар
106-бап. Елді мекендерде сумен жабдықтау жəне су бұру саласындағы суды есепке алудың жалпы ережелері
107-бап. Елді мекендердің сумен жабдықтау жəне су бұру жүйелерінде суды есепке алуды ұйымдастыру
108-бап. Ауызсудың сапасын жəне сарқынды сулардың құрамын өндірістік бақылау
109-бап. Ауызсу сапасын жақсарту жөніндегі талаптар
111-бап. Сумен жабдықтау жəне су бұру саласында су тұтынушылардың құқықтары мен міндеттері
12-тарау. СУ ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҚҰРЫЛЫСЖАЙЛАРЫН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА ПАЙДАЛАНУ
113-бап. Су объектілері мен су ресурстарын ауыл шаруашылығы мұқтаждықтары үшін пайдалану
114-бап. Су объектілері мен су шаруашылығы құрылысжайларын жерді тұрақты суару үшін пайдалану
115-бап. Жерлерді суару үшін су пайдалануды жоспарлау
116-бап. Ирригациялық кондоминиум
117-бап. Ирригациялық кондоминиум объектісін тіркеу
118-бап. Ирригациялық кондоминиумға қатысушылардың құқықтары
119-бап. Ирригациялық кондоминиумға қатысушылардың міндеттері
120-бап. Ирригациялық кондоминиумға қатысу ерекшеліктері
121-бап. Ирригациялық кондоминиум объектісін басқару
122-бап. Жерлерді суару үшін пайдаланылатын су ресурстарын есепке алу
123-бап. Су объектілері мен су ресурстарын өнеркəсіп пен жылу энергетикасы үшін пайдалану
125-бап. Су объектілерін сауықтыру жəне рекреациялық мақсаттарда пайдалану
129-бап. Су қоймаларын пайдалану
14-тарау. ТРАНСШЕКАРАЛЫҚ СУ ОБЪЕКТІЛЕРІН ҚОРҒАУ ЖƏНЕ ПАЙДАЛАНУ САЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
132-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
134-бап. Осы Кодексті қолданысқа енгізу тəртібі
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) акватория - табиғи, жасанды немесе шартты шекаралармен шектелген су кеңістігі;
2) ауызсу - сапасы жағынан белгіленген ұлттық стандарттар мен гигиеналық нормативтерге сай келетін, ауызсу мен шаруашылық-тұрмыстық мұқтаждықтарды қанағаттандыруға арналған, табиғи күйдегі немесе өңделгеннен кейінгі су;
3) ауызсумен жабдықтаудың баламасыз көздері - су тұтынушылар үшін ауызсумен жабдықтаудың ауыстыру мүмкін болмайтын және мақсатқа сай келмейтін бірден-бір көзі;
4) балама су көздері - су ресурстары ретінде пайдалануға болатын жинақталған жаңбыр суы мен еріген су, тазартылған сарқынды және тұщытылған тұзды сулар;
5) баланстық тиесілікті бөлу шекарасы - иеленушілер арасында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару белгісі бойынша бөлу шегі;
6) гидротехникалық құрылысжайлар - су ресурстарын пайдалануды реттеуге (оның ішінде, жерүсті су объектілерінің суларын алуға, сақтауға, тасуға, бөлуге және дренаждық суларды бұруға) арналған құрылысжайлар, сондай-ақ судың зиянды әсерінен қорғауға арналған өзге де құрылысжайлар (су тежейтін, су ағызатын және су жіберетін құрылысжайлар, су басудан және жағалаудың бұзылуынан қорғауға арналған құрылысжайлар);
7) дренаж - жер бетінен су жинау әрі бұру және (немесе) ызасу деңгейін төмендету;
8) дренаждық сулар - коллекторлық-дренаждық желілер жинайтын және бұратын сулар;
9) жерасты сулары - жерасты су объектілерінің су ресурстары;
10) жерасты суларының көздері мен учаскесі - белгілі бір сападағы жерасты суларын оларды нысаналы пайдалану үшін жеткілікті көлемде алуға қолайлы жағдайлар бар, сутұтқыш жүйенің кеңістіктік шектелген бөлігі;
11) жерлерді гидромелиорациялау - топырақтың су режимін реттеу арқылы суармалы жерлерді пайдаланудың табиғи жағдайларын жақсартуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
12) жерүсті су ағынын реттеу - су объектілерін қорғауды және судың зиянды әсерін болғызбауды ескере отырып, әртүрлі су пайдаланушылардың суға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін жылдың сулы болуына қарай тірек гидротехникалық құрылысжайлардың көмегімен өзен ағынын бөлу (қайта бөлу);
13) жерүсті су объектілерін санациялау - жерүсті су объектісінің гидрологиялық режимін су түбіндегі және лай шөгінділерден тазарту, түбін тереңдету, арнасын түзету, жағалауын нығайту және басқа да жұмыстар арқылы қалпына келтіру;
14) ирригация - ауыл шаруашылығы жерлерін суару үшін су беру;
15) көпфакторлы зерттеп-қарау - көзбен қарап-тексеру әдісімен және инженерлік (геодезиялық, геофизикалық, геотехникалық, гидрографиялық және басқа да) зерттеулер кешенін жүргізу арқылы гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықтың техникалық жай-күйін бағалау, олардың элементтерінің қалған ресурсын айқындау;
16) құбырлы сүзгіш құдық - жер бетінен бірінші су тұтқыш белдеуде орналасқан, қатарлас тесіктері бар, жерге бұрғыланған құбыр түріндегі құрылысжай;
17) өзендерге теңестірілген каналдар - суды бір бассейннен екіншісіне, бір өзен жүйесінен екіншісіне ағызуға арналған жасанды құрылысжайлар, мемлекетаралық каналдар;
18) пайдалану жауапкершілігін бөлу шекарасы - тараптардың келісімімен белгіленетін, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің элементтерін міндеттер (оларды пайдаланғаны үшін жауапкершілік) белгісі бойынша бөлу шегі. Мұндай келісім болмаған кезде пайдалану жауапкершілігінің шекарасы баланстық тиесілікті бөлу шекарасы бойынша белгіленеді;
19) сарқынды сулар - адамның шаруашылық қызметі нәтижесінде пайда болатын немесе ластанған аумақта түзілетін сулар:
өндірістік немесе тұрмыстық мұқтаждықтарға пайдаланылған және бұл ретте судың бастапқы құрамын немесе физикалық қасиеттерін өзгерткен ластағыш заттардың қоспалары қосымша қосылған сулар;
елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарынан ағатын жаңбыр суы, еріген, инфильтрациялық, суаратын-жуатын, дренаждық сулар;
жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде ілеспе алынған жерасты сулары (карьер, шахта, кеніш сулары, көмірсутектермен ілеспе алынған қабаттық сулар);
20) сарқынды суларды жинақтағыштар - орталықтандырылған су бұру жүйелері кешендерінің бір бөлігі болып табылатын, сарқынды суларды жинақтауға арналған құрылысжайлар (жинақтағыш тоғандар, сүзгілеу алаңдары және буландырғыш тоғандар);
21) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау - жағымсыз өзгерістерді анықтау және оларды болғызбау жөнінде шаралар қабылдау, сондай-ақ суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін жақсарту жөнінде ұсынымдар әзірлеу үшін гидрогеологиялық, гидрологиялық көрсеткіштер мен топырақ көрсеткіштерін байқау және талдау жүйесі;
22) су бөлу орны - су пайдаланушыдан су тұтынушыға су ресурстарын беру орны;
23) су бұру - сарқынды суларды жинауды, тасуды, тазартуды және су бұру жүйелері арқылы су объектілеріне, сарқынды суларды жинақтағыштарға немесе жергілікті жер бедеріне ағызуды қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
24) судың жай-күйіне теріс әсер ететін объектілер - пайдаланылуы судың ластануына және (немесе) қоқыстануына және (немесе) сарқылуына және (немесе) оған зиянды әсер етуге алып келуі мүмкін ғимараттар, құрылыстар, құрылысжайлар және құрылғылар;
25) судың технологиялық шығыстары - елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің құрылысжайлары мен желілеріне қызмет көрсетуге жұмсалатын су көлемі;
26) суды ұйымдастырушылық-есепке алу шығыстары - суды есепке алу аспаптарының жеткілікті түрде сезімтал болмауы, өлшеуде дәлсіздіктің болуы салдарынан, сондай-ақ су тұтынушылардан суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін бір мезгілде алмау кезінде осындай аспаптарда тіркелмеген су көлемі;
27) су қорғау аймағы - судың ластануын, қоқыстануын және сарқылуын болғызбау үшін шаруашылық қызметтің арнаулы режимі белгіленетін, су объектілеріне жанасып жатқан аумақ;
28) су қорғау белдеуі - су қорғау аймақтарындағы шаруашылық қызметтің арнаулы режиміне қосымша шаруашылық қызметтің шектеулі режимі белгіленетін, су объектілеріне жанасып жатқан су қорғау аймағының бір бөлігі;
29) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - су қорын қорғау және пайдалану саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
30) сумен жабдықтау - су ресурстарын алуды, сақтауды, дайындауды, беруді және бөлуді қамтамасыз ететін іс-шаралар жиынтығы;
31) сумен қамтамасыз ету - халықтың, қоршаған ортаның және экономика салаларының су ресурстарына қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-шаралар жиынтығы;
32) су объектілерін қорғау - су объектілерін сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған шаралар жүйесі;
33) су объектілерін пайдалану - су объектілерін табиғи ортаның құрамдас бөлігі ретінде пайдалану;
34) су объектісі - сарқынды суларды жинақтағыштарды қоспағанда, шекаралары, табиғи немесе реттелетін су режимі бар, құрлықтың табиғи немесе жасанды бедерінде не жер қойнауында судың тұрақты немесе уақытша шоғырлануы;
35) су пайдаланушы - Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су пайдалану құқығын иеленетін және оны іске асыратын жеке немесе заңды тұлға;
36) су режимі - жерүсті және жерасты сулары деңгейлерінің, шығыстарының және көлемінің уақыт бойынша табиғи немесе жасанды өзгеруі;
37) су ресурстары - жерүсті және жерасты су объектілерінде болатын, оның ішінде ластанудан, қоқыстанудан және сарқылудан қорғауды ескере отырып, пайдалануға қолжетімді су;
38) су тарту құрылысжайы - су объектілерінен су тартуға арналған құрылысжайлар мен құрылғылар кешені;
39) су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормасы - өндірілетін өнім бірлігіне (орындалатын жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің белгілі бір көлеміне) тұтынылатын немесе бұрылатын сарқынды судың белгіленген мөлшері;
40) су тұтыну мен су бұрудың ірілендірілген нормасы - экономика саласы үшін су тұтыну мен су бұрудың үлестік нормасы;
41) су тұтынушы - су беру бойынша су шаруашылығы ұйымдарының немесе су пайдаланушылардың көрсетілетін қызметтерін пайдаланатын не ортақ су пайдалану тәртібімен су объектілерінен су тұтынатын жеке немесе заңды тұлға;
42) су үнемдеу - су ресурстарын үнемді және тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін шаралар жүйесі;
43) су шаруашылығы - су қорын қорғауға және су ресурстарын пайдалануға байланысты экономика саласы;
44) су шаруашылығы құрылысжайлары - суды алуға, тазартуға, сақтауға, таратуға және дренаждық суларды бұруға арналған құрылысжайлар мен құрылғылар;
45) су шаруашылығы ұйымдары - қызметі су ресурстарын реттеуге, жеткізуге, сумен жабдықтауға, су бұруға, су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды дамытуға және пайдалануға байланысты заңды тұлғалар;
46) тасқын және еріген сулардан қорғаудың инженерлік жүйелері - шамадан тыс су көлемін ұстап қалуға, қайта бөлуге және уақытша ұстап тұруға мүмкіндік беретін дамбалар (бөгеттеу жүйелері), мобильді қоршаулар, қайта бөлетін және айналма каналдар, уақытша су қоймалары, жайылма суару жүйелері, жағалаудағы және өзге де құрылысжайлар;
47) трансшекаралық су объектілері - екі немесе одан да көп мемлекет арасындағы шекараларды кесіп өтетін немесе осындай шекараларда орналасқан жерүсті немесе жерасты су объектілері;
48) тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті орган - сумен жабдықтау және (немесе) су бұру саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
49) шахта құдығы - сумен жабдықтау, тау-кен жыныстарын құрғату және жер бетінен атмосфералық және жерүсті суларын бұру мақсатында жер бетінен бірінші жатқан су тұтқыш белдеуден жерасты суларын алу үшін құрылған, тереңдігі көлденең қимасынан үлкенірек сатылас тау-кен қазындысы;
50) шегендеу құрылысжайы - жер бетіне табиғи жолмен шығып жатқан жерасты суларының ашылуын және пайдаланылуын қамтамасыз ететін инженерлік-техникалық құрылысжай.
2-бап. Қазақстан Республикасының су заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының су заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Кодекспен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасының аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
3-бап. Қазақстан Республикасы су заңнамасының негізгі мақсаттары мен міндеттері
1. Қазақстан Республикасы су заңнамасының негізгі мақсаттары халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және қоршаған ортаны сақтау үшін су пайдаланудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық оңтайлы деңгейіне қол жеткізу және сол деңгейде ұстап тұру болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы су заңнамасының негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
1) бассейндік қағидат негізінде су қорын басқару және қорғау, сондай-ақ су ресурстарын интеграцияланған басқаруды дамыту;
2) су үнемдеудің жалпыұлттық саясатын қалыптастыру және дамыту;
3) су қатынастары объектілерінің құқықтық мәртебесін бекіту;
4) су қорын қорғау және пайдалану кезінде су қатынастары субъектілерінің құзыретін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін бекіту;
5) су шаруашылығы құрылысжайлары мен гидротехникалық құрылысжайларды басқару, пайдалану және дамыту кезінде су қатынастары субъектілерінің құзыретін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін бекіту;
6) су қорын қорғау және пайдалану саласында ғылымды дамыту және мемлекеттік басқаруға ғылыми негізделген тәсілді қолдануды қамтамасыз ету (жоспарлау, есепке алу, мониторингтеу, нормалау, сараптау);
7) су қатынастары субъектілерінің қызметін реттеу, су қорын қорғау және пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды, сондай-ақ қоғамдық бақылауды жүзеге асыру;
Документ не введен в действие