(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУДІ...
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 246 бұйрығы
(2021.14.06. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2023 жылғы 12 маусымда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Әділет министрінің 2021.14.06. № 500 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының 68-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес қағаз түріндегі нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнің нысаны;
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртабанның нысаны бекітілсін.
2. «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1441 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17441 болып тіркелген, Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жылғы 8 қазанда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Әділет министрі |
М. Бекетаев |
Редакция документа
Демо – версия документа