«Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1441 бұйрығы (күші жойылды)
Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2018 жылғы 24 қыркүйектегі № 1441 бұйрығы
ҚР Әділет министрінің 2019 жылғы 6 мамырдағы № 246 бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 қазандағы № 568 қаулысымен бекітілген Нормативтiк құқықтық актiлердi ресімдеу, келісу, мемлекеттік тіркеу және олардың күшін жою қағидаларының 47, 47-1 және 47-2-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгі бар нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы қорытындының нысаны;
2) 2018 ж. 31 желтоқсанға дейін қолданылды (бұр.ред.қара)
3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнің нысаны;
4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгі бар нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнің нысаны;
5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нормативтiк құқықтық актiнi мемлекеттiк тiркеу туралы мөртабанның нысаны бекітілсін.
2. «Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 10 қарашадағы № 1007 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14411 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесі 2016 жылғы 30 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдасын.
Документ утратил силу
Демо – версия документа