(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫ...
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктарын сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 223 бұйрығы
(2023.11.12. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2024 жылғы 15 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің 2023.24.11. № 599 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 11 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 101) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 1 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары;
2) 2 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа