(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫ...
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктарын сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 223 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 24 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» Заңының 4-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 1 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары;
2) 2 қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау критерийлері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
ұлттық экономика министрлігі
Ғылым және жоғары білім министрі
2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 223 Бұйрыққа
1 қосымша
Қазақстан Республикасыны Ұлттық Ғылым академиясының академиктерін сайлау
қағидалары
1 тарау. Жалпы ережелер
Редакция документа
Демо – версия документа