«Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға(жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 17 наурызда № 212 бұйрығы (2024.08.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 17 наурызда № 212 бұйрығы
(2024.08.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.14.08. № 149 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 4 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр | Е. Досаев |
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.24.07. № 67 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика
Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 212 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Демо – версия документа