«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 67 бұйрығы
«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 24 шілдедегі № 67 бұйрығы
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығына (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тіркелімінде № 10479 тіркелді, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 27 наурызда жарияланды) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартында:
9-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) объектіні қабылдау-тапсыру актісін бекіткеннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы шарт бойынша мәліметтердің мемлекеттік мүлік тізіліміне (бұдан әрі - тізілім) енгізілуін қамтамасыз етуге міндетті»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Жалға алушы:
1)__________________________________________кешіктірмей ай сайын
(жалдау ақысын төлеу мерзімдері)
жалдау ақысын, сондай-ақ басқа да жалдау төлемдерін (айыппұлдарды, өсімақыларды) енгізуге;
2) төлем тапсырмасына немесе жалдау төлемін төлегендігі туралы түбіртектегі «төлемнің мақсаты» жолына мынадай мәліметтерді:
жалға алушының жеке сәйкестендіру нөмірін немесе бизнес жеке сәйкестендіру нөмірін;
тізілімнің веб-порталы беретін мүліктік жалдауға (жалға алуға) шартының сәйкестендіргішін енгізуге;
3) жалдау ақысын (айыппұлдарды, өсімпұлдарды) енгізгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде тізілімнің веб-порталында шарт бойынша есеп айырысуға салыстыруды жүргізуге;
4) қабылданған объектіні шартта көзделген мақсаттарда ғана пайдалануға;
Демо – версия документа