«Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығы (2024.08.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 бұйрығы
(2024.08.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2023.31.08. № 156 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 16 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 74-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамамен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзiмдi баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.
Министр | Е. Досаев |
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 17 наурыздағы
№ 211 бұйрығымен
бекітілген
нысан
Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің)
үлгілік шарты
_________________________________
(объектінің атауы)
_____________қ. | № ______ | 20___ жылғы «____»____________________ |
Бұдан әрі «жалға беруші» деп аталатын _________________________________________________________________________________________________атынан
(жалдауға берушінің (жалға берушінің) атауы)
____________________________________________20 жылғы «____»__________ №____________ бекітілген
__________________________________________туралы 20___________жылғы
«_______»__________ №_________Ереженің негізінде әрекет ететін басшы
Демо – версия документа