Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 156 бұйрығы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 және «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 156 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 211 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10479 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 74-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдаудың (жалға берудің) үлгілік шартында:

7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«7. Жалға берушінің:

1) баланс ұстаушымен келісу бойынша жалдаушыға объектіні, онда орналасқан желілер мен коммуникацияларды қайта жоспарлауға немесе қайта жабдықтауға және қосалқы жалға беруге жазбаша рұқсат беруге;

2) жалдау ақысының уақтылы және толық аударылуын бақылауды жүзеге асыруға;

3) жалдау ақысының уақтылы енгізілмегені үшін өсімпұл есептеуге;

4) тараптардың келісуі бойынша шарттың мерзімін ұзартуға, шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізуге немесе оны бұзуға;

5) объектінің мақсатты пайдаланылуына мониторингті жүзеге асыруға құқығы бар.»;

мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:

«6-1. Форс-мажор

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку