Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «БУРАБАЙ» АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҒЫН ҚҰРУ ТУРАЛЫ ҚА...

Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы

 
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы

(2012.29.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 25 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес және Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту мақсатында қаулы етемін:

1. 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.

ҚР Президентінің 2012.29.12. № 457 Жарлығымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Қоса беріліп отырған:

1) АЭА туралы ереже;

2) АЭА жұмыс істеуінің нысаналы индикаторлары және нысаналы индикаторларға қол жеткізбеудің дағдарысты деңгейі бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА-ның қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.

4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н.НАЗАРБАЕВ.

 

Астана, Ақорда, 2008 жылғы қаңтардың 15-і.

№512

 

Қазақстан Республикасы Президентінің

2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512

Жарлығымен

бекітілген

 

«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы туралы

ЕРЕЖЕ

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Ақмола облысы Бурабай ауданының аумағында орналасқан.

АЭА-ның аумағы 370 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.

2. АЭА:

1) келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттілігін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға тиімділігі жоғары, бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылымды дамыту; экологиялық таза көлікті, оның ішінде демалудың барлық объектілеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында шағын авиацияны пайдалану үшін базаны құру; туристерге қызмет көрсету үшін бірыңғай ақпараттық база құру;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку