(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 2008 ЖЫЛҒЫ 15 ҚАҢТАРДАҒЫ № 512 Ж...
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағын құру туралы
Осы редакция 2012 жылғы 29 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 шілдедегі Заңына сәйкес және Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту мақсатында қаулы етемін:
1. 2017 жылғы 1 желтоқсанға дейінгі кезеңге «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған АЭА туралы ереже бекітілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі АЭА-ның қызметін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдасын.
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2008 жылғы қаңтардың 15-і.
№512
Қазақстан Республикасы Президентінің
2008 жылғы 15 қаңтардағы № 512
бекітілген
«Бурабай» арнайы экономикалық аймағы туралы ереже
1. Жалпы ережелер
1. «Бурабай» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі - АЭА) қоса беріліп отырған жоспарға сәйкес Ақмола облысы Щучье ауданының аумағында орналасқан.
АЭА аумағы 370 гектарды құрайды және Қазақстан Республикасы аумағының ажырамас бөлігі болып табылады.
1) мыналарды:
келетін қазақстандық және шетелдік туристердің қажеттілігін қамтамасыз етуге және қанағаттандыруға қабілетті тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылым;
экологиялық таза көлікті, оның ішінде демалудың барлық объектілеріне қол жетімділікті қамтамасыз ету мақсатында шағын авиацияны пайдалану үшін база;
туристерге қызмет көрсету үшін бірыңғай ақпараттық база құру;
2) инвестициялық жобаларды іске асыру, әлеуметтік проблемаларды шешу үшін қолайлы инвестициялық ахуал құру мен отандық және шетелдік инвестицияларды тарту мақсатында құрылады.
Редакция документа
Демо – версия документа