Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 64 бұйрығы

«Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 18 маусымдағы № 64 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14778 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларында:

9-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

12-қосымшаның:

1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Субъектілердің тауарлық газды бөлшек саудада өткізуінің шекті бағасын есептеу «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес бекітілетін ішкі нарықта тауарлық газды көтерме саудада өткізудің шекті бағаларын (бұдан әрі - көтерме сауда бағалары) саралау арқылы тұтынушылардың бірінші тобынан бастап алтыншы және сегізінші топтарына тауарлық газды бөлшек саудада өткізу бағаларын саралауды ескере отырып (газды магистральдық газ құбырлары арқылы тасымалдау және сақтауға тарифті ескере отырып), әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала, астана үшін жеке жүзеге асырылады. Тұтынушыларды жетінші тобы үшін көтерме сауда бағаларын саралау жүзеге асырылмайды.»;

3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Тауарлық газды бөлшек саудада өткізудің сараланған шекті бағасын белгілеу мақсатында тұтынушылардың мынадай топтары бөліп көрсетілген:

тұтынушылардың І тобы - тауарлық газды газ тарату жүйесінен бөлшек саудада өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті алатын тұрмыста тұтынушылар (халық);

тұтынушылардың ІІ тобы - тауарлық газды халық үшін жылу энергиясын өндіру мақсатында сатып алатын жылу энергетикасы компаниялары (бұдан әрі - халық үшін ЖЭК);

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку