«Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 Қаулысы (2025.20.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 Қаулысы
(2025.20.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2025.20.03. № 164 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасының Су кодексі 25-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
ҚР Үкіметінің 2021.07.04. № 214 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2021.04.06. № 379 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.18.02. № 71 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.02.08. № 523 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2022.29.09. № 774 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2023.09.02. № 100 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2025.20.03. № 164 Қаулысымен (бұр.ред.қара) тізбе өзгертілді
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 933 қаулысымен
бекітілген
Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік
басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының
тізбесі
1. Мынадай су объектілерiнде орналасқан су шаруашылығы құрылыстары (бөгеттер, су тораптары, басқа гидротехникалық құрылыстар):
1) Сырдария өзенiндегi Шардара су қоймасы;
2) Ертiс өзенiндегi Бұқтырма су қоймасы;
2-1) Ертіс өзеніндегі Өскемен су қоймасы;
2-2) Ертіс өзеніндегі Шүлбі су қоймасы;
3) ҚР Үкіметінің 2021.04.06. № 379 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
4) ҚР Үкіметінің 2021.04.06. № 379 Қаулысымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
5) Есiл өзенiндегi Астана су қоймасы;
6) Есiл өзенiндегі Сергеев су қоймасы;
7) Есiл өзенiндегi Петропавл су қоймасы;
8) Іле өзенiндегi Қапшағай су қоймасы;
9) Шелек өзенiндегi Бартоғай су қоймасы;
10) Сiлетi өзенiндегi Сілеті су қоймасы;
Демо – версия документа