«Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына толықтыру енгізу және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 774 Қаулысы
«Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына толықтыру енгізу және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 қыркүйектегі № 774 Қаулысы
Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабына және «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 933 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген ерекше стратегиялық маңызы бар, оның ішінде жалға және сенімгерлік басқаруға берілуі мүмкін су шаруашылығы құрылыстарының тізбесінде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
«Ақсай өзені бассейніндегі сел ұстайтын бөгет.».
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – ұлттық парк) жалпы ауданы 20,9 гектар жерлері Ақсай өзені бассейнінде сел ұстайтын бөгет салу үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатынан Алматы облысы Қарасай ауданының босалқы жерлері санатына ауыстырылсын.
Демо – версия документа