Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 Қаулысы (2020.16.10. берілген өзгерістермен)

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 Қаулысы

(2020.16.10. берілген өзгерістермен)

 

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі бекітілсін.

2. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

А. Мамин

 

ҚР Үкіметінің 2020.16.10. № 673 Қаулысымен тізбе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2019 жылғы 20 маусымдағы

№ 421 қаулысымен

бекітілген

 

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің

тізбесі

 

1-тарау. Жалпы ережелер

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді:

1. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:

1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексеру;

2) бейінді мамандардың қабылдауы және консультация беруі, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі мобильдік бригада көрсететін қызметтер;

3) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және кезеңділікпен бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылауы;

4) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы нысанда стоматологиялық көмек көрсету;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции