«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 673 Қаулысы
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 673 Қаулысы
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 21, 199-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің тізбесі осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 1 тамыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 16 қазандағы
№ 673 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 20 маусымдағы
№ 421 қаулысымен
бекітілген
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмектің
тізбесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді:
1. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) шеңберінде профилактикалық қарап-тексерулерді қоспағанда, уәкілетті орган айқындаған тәртіппен және кезеңділікпен профилактикалық медициналық қарап-тексеру;
Демо – версия документа