Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ЖОҒАРЫ ОФИЦЕРЛІК ЖӘНЕ БАСШЫ ҚҰРАМНЫҢ АДАМДАРЫ АТҚАР...

Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 12 мамырдағы № 392 Жарлығы

(2015.01.10. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы редакция 2016 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Жоғары офицерлік және басшы құрамның әскери және арнаулы атақтарын беруді реттеу мақсатында қаулы етемін:

1. № 1-9 қосымшаларға сәйкес жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаруға тиіс лауазымдардың тізбесі бекітілсін.

2. ҚР Президентінің 10.09.03 ж. № 1184 Жарлығымен күші жойылды

3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

1) «Жоғары офицерлік және басшы құрамның адамдары атқаратын лауазымдар тізбесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 8 мамырдағы № 2984 Жарлығы;

2) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 5 наурыздағы № 3396 Жарлығының 3-тармағы;

3) «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір Жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 21 мамырдағы № 3512 Жарлығының II тармағы;

4) өте құпия;

5) өте құпия.

4. Қазақстан Республикасының Үкіметі бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілерді осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.

5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

ҚР Президентінің 23.10.01 ж. № 710; 16.05.03 ж. № 1094; 10.09.03 ж. № 1184; 2005.03.05. № 1565 ; 2007.03.08 № 373; 2009.03.04 № 787; 2010.15.07. № 1023 Жарлықтарымен қосымша өзгертілді

Қазақстан Республикасы

Президентінің

2000 жылғы 12 мамырдағы

№ 392 Жарлығына

№ 1 қосымша

 


Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің жоғары офицерлік
құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар
тізбесі

 

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы

- генерал-полковник

Қорғаныс министрінің орынбасары(тәрбие жұмысы,

экономика және қаржы мәселелерімен айналысатынды қоспағанда)

- генерал-лейтенант

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку