Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығы (күші жойылды)

 «Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 20 ақпандағы № 30-НҚ бұйрығы

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 434-НҚ бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды

 

«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. «Сәйкестікті растау мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10979 тіркелген, «Әділет» Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

Берілген сәйкестік сертификаттарының немесе сәйкестік туралы декларацияларды тіркеудің қолданылуын тоқтату немесе күшін жою қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидаларында:

1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Жалпы ережелер»;

2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«2-тарау. Шетелдік сәйкестік сертификаттарын тану тәртібі»;

3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«3-тарау. Сынақ хаттамаларын тану тәртібі»;

4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«4-тарау. Сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану тәртібі».

2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку