Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидалары (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 331 бұйрығына 3-қосымша) (2020.20.02. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің міндетін атқарушының

2015 жылғы 26 наурыздағы

№ 331 бұйрығына 3-қосымша

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 434-НҚ бұйрығымен 2021 ж. 1 шілдеден бастап күші жойылды

 

Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын,

сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану

қағидалары
(2020.20.02. берілген өзгерістермен)

 

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің 2020.20.02. № 30-НҚ бұйрығымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1-тарау. Жалпы ережелер

 

1. Осы Шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану қағидалары «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және шетелдік сәйкестік сертификаттарын, сынақ хаттамаларын, сәйкестік белгілерін және сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттарды тану тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар қолданылады:

1) импорттаушы - өнімді (тауарды) Қазақстанның ішкі нарығында өткізу үшін шеттен әкелетін жеке немесе заңды тұлға;

2) тану (сәйкестікті растау саласында) - Қазақстан Республикасында сәйкестікті растау жөніндегі орган импорттаушыда (өтініш берушіде) болатын шетелдік сәйкестік сертификатының, сәйкестік белгісінің, сынақ хаттамасының немесе сәйкестікті растау саласындағы өзге құжаттың негізінде өнімнің, қызметтердің немесе процестің қауіпсіздігін жазбаша растайтын рәсім.

3) сәйкестік сертификатын ұстаушы - өндіретін өнімін сәйкестікті растау жөніндегі орган осы өнімді Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарымен сәйкес жүргізілген сәйкестік сертификатымен немесе халықаралық шарттарға сәйкес ресімделген оның көшірмелерімен сүйемелдеу құқығымен сертификаттаған жеке немесе заңды тұлға.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции