«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 545 бұйрығы (2018.24.09. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 545 бұйрығы
(2018.24.09. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 2-тармағының 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарында қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 27 мамырдағы № 246 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7032 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында 2011 жылғы 30 қарашада № 31 болып жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары қызметкеріне көтермелеу түрлерін қолдану ережесінде:
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
«6-1. Ішкі істер органдарының Жергілікті полиция қызметінің бастығы:
1) алғыс жариялауға;
2) ішкі істер органының (бөлінісінің) грамотасымен марапаттауға;
3) ішкі істер органының (бөлінісінің) Алғыс хатымен марапаттауға;
4) бағалы сыйлықпен (ІІД-нің ақшалай қаражатын үнемдеу шегінде) марапаттауға құқылы.».
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тарту ережесінде:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«2. Қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін қызметкерлерге:
1) ескерту;
2) сөгіс;
3) қатаң сөгіс;
4) қызметке толық сәйкес еместігі туралы ескерту;
5) атқаратын лауазымынан босату;
6) арнаулы атағын бір сатыға төмендету;
7) ішкі істер органдарынан шығару;
8) ішкі істер органдарының басшылары немесе уәкілетті басшылары берген немесе марапаттаған құрметті атақтарынан, төс белгілерінен айыра отырып, ішкі істер органынан шығару;
9) арнаулы атағынан айыра отырып, ішкі істер органдарынан шығару тәртіптік жаза түрлері қолданылады»;
Демо – версия документа