«Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 Қаулысы (2020.09.11. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)
Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 Қаулысы
(2020.09.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 16 наурыздағы № 127 Қаулысымен күші жойылды
«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 24-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары;
2) Ақталған адамның куәлігінің үлгісі бекітілсін.
2. «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2015 жылғы 2 сәуірдегі
№ 184 қаулысымен
бекітілген
Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру
қағидалары
ҚР Үкіметінің 2020.09.11. № 745 Қаулысымен 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 18-бабына сәйкес әзірленді және ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру тәртібін айқындайды.
Документ утратил силу
Демо – версия документа