Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «АҚТАЛҒАН АДАМҒА БІРЫҢҒАЙ ҮЛГІДЕГІ КУӘЛІК БЕРУ ҚАҒИД...

Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидаларын, ақталған адамның куәлігінің үлгісін бекіту және «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 сәуірдегі № 184 Қаулысы

 

Осы редакция 2020 жылғы 9 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 24-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған:

1) Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары;

2) Ақталған адамның куәлігінің үлгісі бекітілсін.

2. «Саяси қуғын-сүргінге ұшырап ақталған адамдарды куәлікпен қамтамасыз ету тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 22 қазандағы № 1055 қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2015 жылғы 2 сәуірдегі

№ 184 қаулысымен

бекітілген

 

 

Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру

 қағидалары

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» 1993 жылғы 14 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 18-бабына сәйкес әзірленді және ақталған адамға бірыңғай үлгідегі куәлік беру тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) ақтау туралы анықтама - Заңда айқындалған жағдайларда және тәртіппен прокуратура органдары, сот беретін құжат;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку