«Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 36 Қаулысы (2024.06.12. берілген өзгерістермен)
«Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 36 Қаулысы
(2024.06.12. берілген өзгерістермен)
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - КеАҚ) құрылсын.
2. КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы Каспий теңізінің қазақстандық секторында Каспий теңізінің табиғи ресурстарын сақтау және олардың өсімін молайту тұрғысынан қоршаған ортаға мониторинг және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, Каспий теңізі маңындағы мемлекеттердің ғылыми-зеттеу институттары мен ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту болып айқындалсын.
ҚР Үкіметінің 2024.06.12. № 1031 Қаулысымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
3. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі осы қаулыға қосымшаға сәйкес өзінің балансындағы республикалық мүлік есебінен КеАҚ жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
ҚР Үкіметінің 2024.06.12. № 1031 Қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) КеАҚ жарғысын бекітуді;
2) мемлекеттік тіркеу үшін КеАҚ атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;
3) КеАҚ-ны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
4) Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігіне КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын беруді;
Демо – версия документа