Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚ КАСПИЙ ТЕҢІЗІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫ» КОММЕ...

 «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 25 қаңтардағы № 36 Қаулысы

 

Осы редакция 2024 жылғы 6 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды 

 

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Қазақ Каспий теңізі ғылыми-зерттеу институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - КеАҚ) құрылсын.

2. КеАҚ қызметінің негізгі нысанасы Каспий теңізінің қазақстандық секторында Каспий теңізінің табиғи ресурстарын сақтау және олардың өсімін молайту тұрғысынан қоршаған ортаға мониторинг және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, Каспий теңізі маңындағы мемлекеттердің ғылыми-зеттеу институттары мен ұйымдарының ынтымақтастығын нығайту болып айқындалсын.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі КеАҚ жарғылық капиталын Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны балансындағы республикалық мүлік есебінен қалыптастыруды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігімен бiрлесiп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) КеАҚ жарғысын бекітуді;

2) мемлекеттік тіркеу үшін КеАҚ атынан құжаттарға қол қоюға, қаржы-шаруашылық қызметті жүзеге асыруға және басқару органдары құрылғанға дейін үшінші тараптардың алдында оның мүдделерін білдіруге уәкілетті тұлғаны сайлауды;

3) КеАҚ-ны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

4) Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрлігіне КеАҚ акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығын беруді;

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку