(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МАТЕРИАЛДЫҚ РЕЗЕРВТІҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰНДЫ...
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 Қаулысы
(2015.09.04. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2016 жылғы 15 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
К. Мәсімов |
Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 860 қаулысымен
бекітілген
Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің (бұдан әрі - мемлекеттік резерв) материалдық құндылықтарын жеткізудің, сақтаудың және шығарудың тәртібін айқындайды.
ҚР Үкіметінің 2015.09.04. № 205 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Редакция документа
Демо – версия документа