Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2014.31.07 № 860 ҚАУЛЫСЫ

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 Қаулысы

 

Осы редакция 2015 жылғы 9 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы 31 шілдедегі

№ 860 қаулысымен

бекітілген

 

 

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу

қағидалары

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Азаматтық қорғау туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің (бұдан әрі - мемлекеттік резерв) материалдық құндылықтарын жеткізудің, сақтаудың және шығарудың тәртібін айқындайды.

2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарымен операция жүргізу жоспары - мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын жеткiзудi, сақтауды және шығаруды реттейтiн құжат (бұдан әрi - Операция жүргізу жоспары);

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку