(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «МЕМЛЕКЕТТІК МҮЛІКТІ СЕНІМГЕРЛІК БАСҚАРУҒА БЕРУ ҚАҒИ...
Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығы
(2023.17.11. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2024 жылғы 31 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.24.07. № 68 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.24.07. № 68 бұйрығымен (бұр.ред.қара); 2021.24.12. № 107 бұйрығымен (бұр.ред.қара) кiрiспе жаңа редакцияда
«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.24.07. № 68 бұйрығымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидалары;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік органның интернет-ресурсында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және ресми бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енізіледі.
Министр | Е. Досаев |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
Б. Сұлтанов
2015 жылғы 16 қаңтар
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2016.12.08. № 370 бұйрығымен қағида жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); ҚР Ұлттық экономика министрінің 2019.24.07. № 68 бұйрығымен қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Редакция документа
Демо – версия документа