Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 107 бұйрығы

«Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2021 жылғы 24 желтоқсандағы № 107 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3 және 6-тармақтарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Осы Қағидалар «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру, оның ішінде тендер өткізу, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасу тәртібін айқындайды.»;

2-тармақта:

1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Автомобиль жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор – «Автомобиль жолдары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген өкілеттіктерді жүзеге асыратын, жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын акционерлік қоғам;»;

5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Объектіні кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру мыналарды:

1) мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша объектіні заңды тұлғалардың жарғылық капиталын төлеуге бергенге дейін;

2) газ құбырлары мен электрмен және энергиямен жабдықтау объектілерін беру;

3) стратегиялық объектілерді, сондай-ақ меншігінде стратегиялық объектілері бар заңды тұлғалардағы акциялар пакеттерін (қатысу үлестерін) беру;

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку