(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ДІНТАНУ САРАПТАМАСЫН ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫН БЕКІТУ ТУР...
Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығы
(2017.20.12. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2018 жылғы 26 қарашада енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы Заңының 4-бабының 10-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Дінтану сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитетіне белгіленген заңнамалық тәртіпте:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін 10 күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Күші жойылды деп танылсын:
1) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 «Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 8116 тіркелген, 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 22 (27961) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2013 жылғы 23 желтоқсандағы № 50 «Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде № 9103 тіркелген, 2014 жылғы 27 наурыздағы № 59 (28283) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған).
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мәдениет және спорт вице-министрі М.А. Әзілхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Редакция документа
Демо – версия документа