Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

«Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 бұйрығы (2013.23.12. берілген өзгерістермен) (күші жойылды)

Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 бұйрығы

(2013.23.12. берілген өзгерістермен)

 

ҚР Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 162 бұйрығымен күші жойылды

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 қаулысымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

2. Конфессияаралық қатынастар департаменті (Кулекеев Б.К.) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен (Жуанышпаева Ә.Т.) бірлесе отырып:

1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

2) мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасарына (Әзілханов М.А.) жүктелсін.

4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Төраға

Қ. Лама Шариф

 

Қазақстан Республикасы

Дін істері агенттігі Төрағасының

2012 жылғы 30 қазандағы № 112

бұйрығымен бекітілген

 

 

Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі

нұсқаулық

 

1. Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеудің осы нұсқаулығы (бұдан әрі - Нұсқаулық) дінтану сараптамасын жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу тәртіптерін айқындайды (бұдан әрі - сарапшылар).

2. Іріктеуге:

1) діни қатынастар мәселелері саласындағы жоғарғы немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар;

2) діни қатынастар мәселелері саласында жұмыс тәжірибесі (бір жылдан кем емес) бар;

3) нысандарды зерттеудің алдыңғы қатарлы әдістемелерін жұмыста қолдануда және халықаралық тәжірибені ескеруде тәжірибелік дағдысы бар, талдау жасай білетін және негізделген қорытындылар жаза алатын;

4) діни қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білетін тұлғалар жіберіледі.

Документ утратил силу

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку

Сравнение редакции