Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚОЛЖЕТІМДІ КРЕДИТ БЕРУ МІНДЕТІН ШЕШУ ҮШІН ҰЗАҚ МЕРЗ...

Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 Қаулысы

(2018.29.12. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2019 жылғы 4 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мыналар:

1) басым жобаларға кредит беру тетігі;

2) Ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз ету жөніндегі жол картасы (бұдан әрі - Жол картасы) бекітілсін.

2. Мемлекеттік органдар мен ұйымдар (келісім бойынша) Жол картасында көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі жарты жылдық негізде есепті айдан кейінгі айдың 30-күніне қарай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жол картасының 4-тармағын қоспағанда, Жол картасы іс-шараларының орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынсын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

 Премьер-Министрі

 

Б. Сағынтаев

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2018 жылғы 11 желтоқсандағы

№ 820 қаулысымен

бекітілген

 

 

Басым жобаларға кредит беру

 тетігі

 

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі - ЖКС) қолдау үшін 2018 - 2020 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі - ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 600 миллиард теңгеге дейін құрайды.

ҚР Үкіметінің 2018.29.12. № 941 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. ЕДБ-ға қаражат беру шарттары:

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі меншікті қаражаты және өз басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейінгі сыйақы мөлшерлемесі бойынша өтеу мерзімі 7 жылға дейін 600 миллиард теңгеге дейінгі мөлшердегі қаражатқа ЕДБ облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку