«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 941 Қаулысы (күші жойылды)
«Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 941 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігінде:
2-тармақтың оныншы абзацы алып тасталсын;
5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтер жобаларына 10 миллиард теңгеден астам сомаға, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеу бойынша 500 миллион теңгеден астам сомаға кредит берген жағдайда, тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.»;
екінші, үшінші және төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Өңдеу өнеркәсібіндегі, көрсетілетін қызметтер бойынша және агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеудегі ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:
Документ утратил силу
Демо – версия документа