«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 846 Қаулысы (күші жойылды)
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 26 қазандағы № 846 Қаулысы
ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 429 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ережеде:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«10. ЖҒТК шешімдері ашық дауыс беру арқылы немесе сырттай дауыс беру тәртібімен (төтенше жағдай режимі жарияланған кезде немесе төтенше жағдайлар мен олардың салдарын жою кезінде, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезеңде, шұғыл сипаттағы мәселелер бойынша) қабылданады және оларға ЖҒТК мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«ЖҒТК мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, ол білдірілген жағдайда жазбаша түрде жазылуы және дауыс беру парағына қоса берілуі тиiс.»;
11-тармаққа орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген Ереже осы қаулыға қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамында:
«Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, төрағаның орынбасары» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі, төрағаның орынбасары»;
Документ утратил силу
Демо – версия документа