«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 Қаулысы (2025.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құру туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 7 қазандағы № 826 Қаулысы
(2025.19.03. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
ҚР Үкіметінің 2024.31.12. № 1155 Қаулысымен кіріспе жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
«Ғылым және технологиялық саясат туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3) тармақшасын және Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 98-бабын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанынан Жоғары ғылыми-техникалық комиссия құрылсын.
2. Мыналар:
1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы ереже;
2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның құрамы бекітілсін.
3. Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
О. Бектенов |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 7 қазандағы
№ 826 қаулысына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия (бұдан әрі - ЖҒТК) Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
ҚР Үкіметінің 2024.31.12. № 1155 Қаулысымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
2. ЖҒТК-ны Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі (бұдан әрі - төраға) басқарады, оның ғылым саласындағы және инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органдардың бірінші басшылары тұлғасындағы орынбасарлары болады.
Демо – версия документа