(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) 2003 Ж. 19 ЖЕЛТОҚСАНДАҒЫ № 508-II ҚР ЗАҢЫ
Жарнама туралы
2003 жылғы 19 желтоқсандағы № 508-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
(2014.29.12. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
Осы редакция 2015 жылғы 24 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасау, тарату, орналастыру және пайдалану процесiнде туындайтын қатынастарды реттейдi.
1-бап. Заңның мақсаттары
Осы Заңның мақсаттары жарнаманы жасау, тарату, орналастыру және пайдалану үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ету, жарнама саласындағы жосықсыз бәсекеден қорғау, жөнсiз жарнаманы болғызбау және оларға тыйым салу болып табылады.
1. Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында жарнама жасайтын, тарататын, орналастыратын және пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың қызметi процесiнде туындайтын қатынастарға қолданылады.
2. Осы Заң жеке тұлғалардың кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты болмайтын хабарландыруларына, соның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарландыруларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жүзеге асырылатын саяси үгiт пен насихатқа қолданылмайды.
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
1) әлеуметтік жарнама - адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;
2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен 1-1) тармақшамен толықтырылды; 2014.29.12. № 269-V ҚР Заңымен 1-1) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
Редакция документа
Демо – версия документа