Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабы 2-тармағын және 6-бабы 3-тармағын ресми түсіндіру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі № 4 қаулысы (2017.17.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Конституциясының 2-бабы 2-тармағын және 6-бабы
3-тармағын ресми түсiндiру туралы Қазақстан Республикасы Конституциялық
кеңесінің 2003 жылғы 23 сәуірдегі № 4 қаулысы
(2017.17.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Төраға Ю.А.Хитрин, Кеңес мүшелерi Х.Ә.Әбiшев, Қ.Ж.Балтабаев, С.Ф.Бычкова, А.Есенжанов, А.К.Котов және Қ.Ә.Омарханов қатысқан құрамда, мыналардың:
өтiнiш субъектiсiнiң өкiлi - Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнiң депутаты Р.Қ.Сарпековтiң,
Республика Әдiлет министрi О.И.Жұмабековтiң,
Республика Бас Прокурорының орынбасары А.Қ.Дауылбаевтың,
Республика Сыртқы iстер вице-министрi В.П.Зверьковтың,
Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігiнiң Төрағасы Б.С Оспановтың қатысуымен,
өзiнiң ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісi Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясы 2-бабының 2-тармағын және 6-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшiн қарады.
Қолдағы бар материалдарды, соның iшiнде сарапшылар - Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспондентi, заң ғылымының докторы, профессор Ғ.С.Сапарғалиевтiң және Ұлттық Ғылым академиясының мүше-корреспондентi, заң ғылымының докторы М.К.Сүлейменовтiң қорытындыларын зерделеп, баяндамашы - Конституциялық Кеңестiң мүшесi С.Ф.Бычкованы, отырысқа қатысушылардың сөздерiн тыңдап шығып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны
анықтады:
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлісi Төрағасының Қазақстан Республикасы Конституциясы 2-бабының 2-тармағын және 6-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы өтiнiшi келiп түстi.
Демо – версия документа