(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІНІҢ 2014.03.12 № 126 ...
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығы
(2015.15.09. берілген өзгерістермен)
Осы редакция 2015 жылғы 9 желтоқсанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидалары бекітілсін.
2. Мыналардың:
1) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8622 тіркелген, 2013 жылғы 19 желтоқсандағы № 339 (27613) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған);
2) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9432 тіркелген, 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 187 (27808) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік басқару жүйесін дамыту департаменті (А.С. Биахметов) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық мемлекеттiк тiркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспасөз басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жолдауды;
Редакция документа
Демо – версия документа