«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығы (күші жойылды)
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2014 жылғы 12 мамырдағы № 133 бұйрығы
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 3 желтоқсандағы № 126 бұйрығымен күші жойылды
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағиданы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 14 тамыздағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8622 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидада:
11-тармақтың екінші, үшінші және төртінші бөліктері алынып тасталсын;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттерін әзірлеу:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету рәсімін (іс-қимылын) және мемлекеттік қызмет көрсету кезіндегі қызметкерлердің іс-қимылдарын ретке келтіруді;
2) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне қайшы келмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсететін қызметкерлердің артық рәсімдерін (іс-қимылдарын) жоюды;
3) егер бұл Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне қайшы келмесе, мемлекеттік қызметтерді көрсетудің мерзімдерін, қызмет алушылар ұсынатын құжаттар санын қысқартуды;
4) мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру мүмкіндіктерін айқындауды;
5) мемлекеттік қызметтер көрсетудің бизнес-процестерін модельдеуді көздейді.»;
20-тармақтың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
Документ утратил силу
Демо – версия документа