«Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 8-р өкімі (2019.22.04. берілген өзгерістермен)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 8-р өкімі
(2019.22.04. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. ҚР Премьер-Министрінің 2019.10.04. № 52-ө өкімімен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2. ҚР Премьер-Министрінің 2019.10.04. № 52-ө өкімімен алып тасталды (бұр.ред.қара)
3. Осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
4. Осы өкімге 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
1-қосымша. ҚР Премьер-Министрінің 2019.10.04. № 52-ө өкімімен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2-қосымша. ҚР Премьер-Министрінің 2019.10.04. № 52-ө өкімімен алып тасталды (бұр.ред.қара)
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 26 қаңтардағы
№ 8-р өкіміне
3-қосымша
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне енгізілетін
өзгерістер мен толықтырулар
1. «Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2016 жылғы 30 қаңтардағы № 9-ө өкімінде:
Мемлекеттік органдардың мемлекеттік функцияларын бәсекелес ортаға және өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құрамында:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға».
Демо – версия документа