(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҮКІМЕТІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ КОНСУЛЬ...
Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 8-р өкімі
Осы редакция 2019 жылғы 10 сәуірде және 22 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 19-бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Экспорттық-импорттық операцияларға арналған «бірыңғай терезе» тетігін енгізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) осы өкімге 1-қосымшаға сәйкес Комиссияның құрамы;
2) осы өкімге 2-қосымшаға сәйкес Комиссия туралы ереже бекітілсін.
3. Осы өкімге 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
4. Осы өкімге 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кейбір өкімдерінің күші жойылды деп танылсын.
Премьер-Министр | Б. Сағынтаев |
Премьер-Министрінің
2018 жылғы 25 қаңтардағы
№ 8-р өкіміне
1-қосымша
Экспорттық-импорттық операцияларға арналған
«бірыңғай терезе» тетігін енгізу жөніндегі комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары, хатшы
Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар
вице-министрі
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі
Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары
Редакция документа
Демо – версия документа