«Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 350 бұйрығы (2023.17.11. берілген өзгерістермен)
Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 350 бұйрығы
(2023.17.11. берілген өзгерістермен)
ҚР Қорғаныс министрінің 2023.28.10. № 1100 бұйрығымен кіріспе жаңа редакцияда (2023 ж. 17 қарашадан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;
4) мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне ұсынуын қамтамасыз етсін.
3. «Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 384 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14110 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
Демо – версия документа