Доступ

Для того чтобы поставить документ на контроль, вам нужно авторизоваться.Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь

(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) «ӘСКЕРИ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ...

Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 12 шілдедегі № 350 бұйрығы

(2023.22.01. берілген өзгерістермен)

 

Осы редакция 2023 жылғы 28 қазанда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

 

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 2-тармағының 26-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Қоса беріліп отырған Әскери-техникалық және өзге де мамандықтар бойынша дайындық қағидалары бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментіне Қазақстан Республикасының заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерінің эталондық бақылау банкiне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауын;

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

4) мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне ұсынуын қамтамасыз етсін.

3. «Азаматтарды әскери қызметке даярлау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2016 жылғы 11 тамыздағы № 384 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14110 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

Редакция документа

Демо – версия документа

Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль. Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.

Укажите название закладки

Создать новую папку